қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.12.2021

Алматыда ЖОО-дағы жемқорлықпен күрестің жаңа стандарттары таныстырылды

 



Халықаралық жаңа стандартты былтыр Абай атындағы ҚазҰПУ енгізген

 

Алматыда 38 жоғары оқу орнының қызметкерлері және қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары бас қосып, заңбұзушылықпен күресудің жаңа стандартын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

Халықаралық деңгейде тәжірибе жүзінде іске асқан стандарт былтыр Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне енгізілген. Осылайша, сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмыстары оң нәтижесін берді. Сондықтан университет мамандары жаңа стандартты республиканың өзге білім ордаларына да ұсынып отыр.

 

«Біраз студент оқудан шығарылды. Шпаргалка, басқа да тыйы салынған заттарды қолданған студенттердің емтихан нәтижелері жойылды. Олар сынақты қайта тапсырды. 1 кафедра меңгерушісі жұмыстан босатылды. 2 аға оқытушымыз сыбайлас жемқорлықтың көріністері бойынша істі болып, қателерін мойындады, олар да жұмыстан босатылды», - деді Абай атындағы ҚазҰПУ Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Серікбай Нұрғисаев.

 

07.12.2021 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv