қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
22.03.2022

Асхат Аймағамбетов: Қыздар педагогикалық университетінің жатақханасында болып, онда тұратын студенттермен де әңгімелестім

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерімен кездестім. Сонымен қатар Қыздар педагогикалық университетінің жатақханасында болып, онда тұратын студенттермен де әңгімелестім. Көздері жанып тұрған жастармен жиі кездесемін және олардың шығармашылық идеялары мен кейде қиын сұрақтарын қуана тыңдаймын, - деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ фейсбук әлеумметік желісіндегі парақшасында.

 

ұл жолы болашақ ұстаздармен түлектердің кәсіби аттестаттау тақырыбын талқыладық. Сондай-ақ мұғалімдердің мансаптық перспективалары, мектеп пен университет арасындағы өзара байланыс, педагогикалық тәжірибедегі өзгерістер және кез келген жұмыста ұстануға тиіс принциптер, яғни академиялық адалдықтың маңызы туралы әңгіме өрбіттік. Көптеген сұрақ пен қызықты идеяға толы кездесу болды, - деп қорытындылаған еліміздің бас педагоы бұл жазбасының соңын.

 

22.03.2022 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz