қазақша · русский · english
   
  Main  News
12.04.2022

 

Құрметті әріптестер, ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен докторанттар!

 

Баршаңызды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің біз үшін маңызы ерекше.

 

Жыл сайын ұжымымыздың ғылыми әлеуеті артып, университетіміз бірқатар бағыттар бойынша өзінің ғылыми ортадағы жұмыстарымен кеңінен танылып, маңызды зерттеулер жүргізіліп, халықаралық байланыстар дамып келеді. Бүгінгі таңда университетіміз педагогикалық саланың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу алаңы болып табылады.

 

Университетіміздің жетістігін мақтанышпен атап өткім келеді - Абай университеті соңғы 5 жыл ішінде Web of Science Core Collection басылымдары бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып келеді. Оқу орнымыз QS Stars Rating System халықаралық рейтингіне алғаш рет қатысып, «4 жұлдыз» жоғары марапатқа ие болдық. Бұл Абай университетінің жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігі мен академиялық беделінің мойындалуы.

 

Қазір Абай университетінде Ғылым онкүндігі-2022 шаралары өтуде. Осы дәстүрлі акция аясында 152 ғылыми іс-шара өткізіледі, оның 11-і халықаралық деңгейде. Бұл-конференциялар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конкурстар, дебаттар, олимпиадалар, зияткерлік ойындар, жетекші сарапшылардың дәрістері. Оларды өткізуге отандық және шетелдік жоғары оқу орындар, ғылыми-зерттеу орталықтар, мектептер де атсалысуда.

 

Барлық іс-шараларда ғылым мен білім берудің ең өзекті мәселелері қозғалды. Білім алушыларымыздың, оқытушыларымыздың, ғалымдарымыздың жоғары белсенділігін атап өткім келеді.

 

Еңбектеріңізге жеміс, ғылым онкүндігін табысты аяқтауларыңызға тілектеспін!

 

 

Құрметпен, ректор Дархан Біләлов