қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.04.2022

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов өмірден өтті

 


 

Әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов дүниеден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Филология ғылымының докторы, профессор Тебегенов Темірхан Сақаұлы 18.11.1949 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған.

 

Қызылорда педагогикалық институтын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген.

 

1972-1974 жылдары Қармақшы ауданы Қуаңдария кеңшарында №186 орта мектептің, 1974-1981 жылдары Қызылорда қаласының №10 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгерушісі қызметтерін атқарған.

 

1981-1991 жылдары - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы.

 

1991-2005 жылдары - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.

 

Ғалымның өлеңдері, мақалалары республикалық газет-журналдарда, ғылыми жинақтарда жарияланған.

 

Көптеген еңбектері Қытай, Ресей, Татарстан, Түркия, Қарақалпақстан елдерінде жарияланған. 300-ге жуық мақалалардың және 9 кітаптың авторы.

 

12.04.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz