қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
20.01.2020

«XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» республикалық педагогикалық олимпиадасы

 

2020 жылы 27-28 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтетін «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған республикалық педагогикалық олимпиадасы өтеді.

 

Олимпиаданың мақсаты - студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда көмек көрсету; қазіргі заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту; ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.


Олимпиаданың негізгі бағыттары:

- ғылыми жоба әзірлеу және оны қорғау;

- өмірлік жағдаяттарға байланысты қойылым көрсету;

- «Абайдың педагогикалық мұраларын пайдалану» бойынша сабақ үзіндісін көрсету.


Олимпиадаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс студенттері қатыса алады.


Ұйымдастырушының байланыс деректері:

Булшекбаева Асем Исаевна - 87054674187 - Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор;

Асанханова Жанна Жеткербайқызы - 87776560729 - Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы, п.ғ.м.

Электрондық пошта: abayolimpiadasy@bk.ru

 

Ақпараттық хат


Ереже