қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
17.10.2022

Абай университеті өкілдері Әзербайжанға іссапармен барды

 


 

10-15 қазан аралығында «ЖОО-ның дамыту білім беру ортасы аясында цифрлы білім беру платформасын жобалау» университеттің жобасын іске асыру аясында Педагогика және психология институтының өкілдері «Хазар» университетіне және Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетіне іссапармен барды деп хабарлады turkystan.kz.

 

Іссапар барысында Абай университеті өкілдері ақпараттық-кітапхана орталығының жұмысымен, ғылыми журналдармен және университеттердің ақпараттық инновацияларының тәжірибесімен танысты. Ғалия Абаева «Университеттің дамып келе жатқан білім беру ортасы аясында e-lab жобалау» жобасын ұсынды, Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білімнің тенденциялары туралы қонақтық дәрістер оқыды.

 

Баку және Сумгаит қалаларындағы орналасқан Dunya School оқушыларына аға оқытушы Исалиева Сауле мен докторант Жанкушков Бауыржан оқу белсенділігін арттыру және кәсіптік бағдар беру бойынша тренингтер және «Менің Қазақстаным» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мектеп мұғалімдерімен кездесуде жоғары педагогикалық білім беру мен мамандар даярлаудың икемді моделін енгізу, оқу үдерісін ұйымдастыру, халықаралық білім беру жобалары туралы мәселелері талқыланды.

 

Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінде психологиялық-педагогикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша мамандарды даярлау бағыттарын зерделеу мақсатында ғылыми журналдар, Turksoy кафедрасы, бастауыш білім факультеті, спорт және мәдениет факультеті өкілдерімен кездесулер өтті.

 

Сапар барысында тараптар өзара ынтымақтастық, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы, магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету, бірлескен ғылыми қызмет және т.б. мүмкіндіктерді талқылады.

 

17.10.2022 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz