
 
|  Main /
Announcements 
04.03.2020 Құрметті әріптестер, докторанттар, магистранттар және студенттер! 
 2020 жылдың 9 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетіне қарасты шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының ұйымдастыруымен Абайдың 175-жылдығына арналған «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» тақырыбында XI-ші жас ғалымдардың халықаралық сырттай ғылыми конференциясы өтеді. 
 Ұйымдастыру комитеті ғылыми кызметкерлерді, ЖОО-ның оқытушыларын, студенттерді, магистранттарды және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларын конференцияға белсенді атсалысуға шақырады. 
 Конференция жұмысының бағыттары: - Абайтану - Педагогика ғылымдары - Ұлттық тәрбие - Филологиялық ғылымдар - Жаратылыстану-ғылыми пәндер - Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар - Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары. 
 Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын. 
 Конференцияға сырттай қатысуға болады. 
 Ұйымдастыру комитеті: Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы-8(727)392 22 50. 
 Жауапты хатшы Ержанова Феруза, rus.kafedra@mail.ru 
 
 |