қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
05.04.2023

Абай университеті: "Тұлғаның психологиялық диагностикасы" оқу-зерттеу зертханасы ашылды

 


"Ғылым онкүндігі - 2023" аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтында «Тұлғаның психологиялық диагностикасы» оқу-зерттеу зертханасының салтанатты ашылуы өтті, - деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Жаңа зертхананың мақсаты - жалпы және қолданбалы психологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, оқу және зерттеу процесін қажетті психодиагностикалық құралдармен және ғылыми-әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ету болып табылады.


Зертхананың ғылыми-практикалық қызметінің негізгі бағыттары - педагогикалық білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар негізінде әзірленетін қазіргі заманғы компьютерлік психодиагностикалық әдістемелерге бағдарланған психодиагностикалық құралдарды жетілдіру.

 

05.04.2023 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz