қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
19.08.2020

2020/2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру туралы


Абай атындағы ҚазҰПУ аумағында короновирустық инфекцияның түсуі (таралуы) жөніндегі алдын алу шараларын іске асыру мақсатында 2020/2021 оқу жылында 2020 жылдың 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін қашықтан оқыту форматында (педагог қызметкерлер мен білім алушылардың өзара және педагогикалық, сондай-ақ ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту құралдарымен өзара іс-қимылының уақыт пен кеңістікте мақсатты ұйымдастырылған және келісілген процесі) және кампуста ішінара оқыту мүмкіндігімен қашықтан оқыту (аралас оқыту) білім беру порталында орналастырылған арнайы электрондық оқу материалдары пайдаланылатын дәстүрлі оқытуды онлайн оқытумен үйлестіру негізінде білім беру процесін ұйымдастыру мақсатында.

 

2020/2021 оқу жылының күзгі семестрінің оқу процесін келесі білім беру салалары бойынша, яғни барлық курс (1-5 курс) білім алушылары қашықтан оқытылады.

 

Толық қашықтан оқытуға:

- Педагогикалық ғылымдар;

- Гуманитарлық ғылымдар;

- Тілдер мен әдебиет;

- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;

- Бизнес, басқару және құқық;

- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

- Қызметтер (көлік қызметтерінен басқа).

 

Кампуста ішінара оқу мүмкіндігімен қашықтан оқыту форматына (аралас оқыту) Өнер, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағытын аудару:

 

- 01.09-29.11.2020 ж. - ҚБТ (ДОТ) форматындағы дәріс және практикалық сабақтар;

- 30.11-12.12.2020 ж. - СЭР-ді ескере отырып, күндізгі бөлімдегі 2-4 (5) курстардың зертханалық/студиялық сабақтары; бұл ретте сабақтар модульдік форматта ұйымдастырылуы тиіс;

- 05.10.2020 ж. - 5В040900-Хореография мамандығының 2-4 курс студенттері аралас оқыту жүйесімен оқытылады (3 күн онлайн, 3 күн оффлайн (университетте));

 

1 курс магистранттары:


07.09-12.09.2020 ж. бағдарлы апта - білім алушылар логин мен пароль алады, "Univer" жүйесіне тіркеледі, оқытудың кредиттік технологиясымен, электрондық кітапханамен, ҚБТ-ның (ДОТ) әртүрлі платформаларымен танысады, ЖОЖ (ИУП) қалыптастырады және т.б.. Оқу сабақтары 14.09.2020 ж. басталады.

 

1 курс докторанттары күндізгі форматта оқиды, оқу сабақтары 01.09.2020 ж. басталады.

 

1. Күндізгі бөлімде кестені құру кезінде 1 шаршы метрге 1 адамның әлеуметтік арақашықтығын ескере отырып, аудиторияның 50% толықтырылуы ескеріледі.

2. Оқу корпустарында аудиториялық сабақтар өткізуге 65 жастан асқан оқытушылар мен ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар тартылмайды.

3. Техникалық жабдықтауда проблемалары бар оқытушылар (компьютердің, ноутбуктің, интернеттің және т.б. болмауы) университеттің компьютерлік сыныптарында сабақ өткізеді.