
  
Main 
News
30.10.2023 Зайырлылық Конституциялық құрылыстың негізі ретінде 
 2023 жылдың 27 қазанында Алматы қаласындағы Халықаралық инженерлік технологиялар университетінде «Зайырлылық Конституциялық құрылыстың негізі ретінде» атты іс-шара өтті. 
 Бұл кездесуге Abai University Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы, дінтанушы Нұрлан Орынбеков және "Ұлттық тәрбие" орталығының жетекшісі Бақытжан Сапаров арнайы шақырды. 
 Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы зайырлылық ұғымын, сондай-ақ, әсіресе жастарда ұлттық сананың маңызды компоненттерін: қазақ халқының тарихын, тілін, дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, ұлттық мүдделерін, этносаралық толеранттылықты, әлеуметтік келісімді қалыптастыруды талқылау және бекіту. Мұның бәрі студенттерге патриоттық тәрбие беруге қызмет етеді. 
 
  |