
 
|  Main 
News 
06.11.2023 Жеңіл атлетика-2023 
 2023 жылдың 3 қарашасындаі Өнер, мәдениет және спорт институты дене шынықтыру және спорт кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері арасында университеттің 95 жылдығына арналған жеңіл атлетикадан - 100 метрге жүгіру, бір орында тұрып ұзындыққа секіру, 4х100 метрге эстафеталық жарыс өткізді. 
 Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық 1-орынды Өнер, мәдениет және спорт институты, 2-орынды Математика, физика және информатика институты, 3-орынды Тарих және құқық институты, 4-орынды Жаратылыстану және география институты, 5-орынды Сорбонна - Қазақстан институты, 6-орынды Филология институты иеленді. 
 Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. 
 
 |