қазақша · русский · english
   
  Main  News
29.11.2024

Термез ұлттық педагогикалық университетінің өкілдерімен (Өзбекстан)


2024 жылдың 28 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында Термез ұлттық педагогикалық университетінің (Өзбекстан) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу университеттің халықаралық білім беру мекемелерімен ынтымақтастығы аясында өтіп, педагогика саласындағы мәдениетаралық алмасу мен академиялық ұтқырлықтың маңыздылығын атап өтті.

 

Ерекше назар академиялық алмасу және қос дипломды бағдарламаларын ұйымдастыру және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктеріне аударылды. Бұл Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен оқытушыларына халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегия және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Айгуль Исқакова Термез университетімен одан әрі ынтымақтастық университеттің халықаралық интеграциясының маңызды қадамы болатынына сенім білдірді. Ол бұл серіктестік студенттер мен оқытушылардың кәсіби және жеке дамуына қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

 

Кездесу екі оқу орны арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал ететін кейінгі жоспарларды талқылаумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=