![]()
13.02.2025 «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» ақпараттық дәрісі Педагогика және психология факультетінде жалғасты 2025 жылдың 13 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері, факультет декандары және университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері арасындағы «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік» атты дәріс «Педагогика және психология» факультетінде жалғасын тапты.
Дәріс университет қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған тұрақты іс-шаралардың бірі болып табылады. Алдағы уақытта әр факультетте бұл тақырып бойынша оқыту, талқылау және алдын алу шаралары жалғасатын болады.
|