қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.03.2025

Жаңару күні: Абай университетінің ұжымы ағаш отырғызды


2025 жылдың 19 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ әкімшілік қызметкерлері, факультет декандары мен орынбасарлары, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосып, университет аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара 19 наурыз - Жаңару күніне орай ұйымдастырылды. 


Университет аумағын көгалдандыру жұмыстары барысында әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Жақау сөз алып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысқан университет ұжымы мен белсенді студенттерге алғыс айтып, алдағы уақытта да экологиялық акцияны қолдауға шақырды.

 

Көгалдандыру жұмыстарына Жаратылыстану және география факультеті биология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары белсене қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=