![]()
01.04.2025 «Логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулерді шешу» тәжірибе алмасу ашық сабағы 2025 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Мақпал Искакова «7М01501 - Математика» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарына «Мектепте математикалық есептерді шығаруға үйретудің теориялық негіздері» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Нәтижесінде, магистранттар логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулерді шешуде дағдыларын жетілдіріп, өз білімдерін нығайтты. Ашық сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
|