қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.04.2025

Абай университеті аймақтық «Сарайшық» физика-математика мектебімен ынтымақтастық орнатты


2025 жылдың 2 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Атырау қаласында орналасқан аймақтық «Сарайшық» физика-математика жекеменшік мекемесі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Салтанатты рәсімге Абай университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев және «Сарайшық» физика-математика мектебінің директоры Дастан Молдабаев қатысты.

 

Меморандумның мақсаты - білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту және тараптар арасындағы өзара түсіністікке қол жеткізу. Құжат аясында келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізу көзделіп отыр: кәсіби педагогикалық білім беру мазмұнын жаңарту және студенттерді педагогикалық практикаға дайындау; оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу; педагогтерге қойылатын заманауи талаптарға сай мамандар даярлау; ғылыми зерттеулер, жаңа әдістемелер мен жарияланымдар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу және оларды тарату.

 

Абай университеті мемлекеттік мектептермен қатар, жеке сектордағы білім беру мекемелерімен де тығыз серіктестік байланыс орнатып келеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=