қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.04.2025

«Үркер» және «Шың» студенттік театры республикалық фестивальден жүлделі оралды


2025 жылдың 1-2 сәуірінде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұйымдастырумен Астана қаласында «Бабалар жолы - халқының мұрасы, ұрпаққа аманаты» атты республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті. Мақсаты - өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Фестивальге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Үркер» және «Шың» студенттік театрлары қатысып, жүлделі І және ІІ орындарды иеленіп қайтты.

 

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8 студенттік театр қатысқан шарада «Үркер» театры «Абай-Тоғжан» қойылымын сахналаса, «Шың» студенттік театры «Жазығым не менің, мама?» атты қойылымды көрермен назарына ұсынды.


Фестиваль 2 күнге созылды. 1 сәуір күні шараның ашылу салтанаты болып, 4 студенттік театрдың өнер көрсетуімен аяқталды. Бірінші күні «Шың» театры өз қойылымын сахналап, әділқазылар режиссерлік тұрғыда биік бағасын берді. Екінші күні «Үркер» театрының қойылымы да қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді.


Осылайша, «Үркер» театры 8 студенттік театрдың ішінен жүлделі І орынды иеленсе, «Шың» театры ІІ орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ «Шың» студенттік театрының жетекшісі Жомарт Рахымжан «Үздік ер адам бейнесі» номинациясымен марапатталды.

 

Құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=