![]()
04.04.2025 «Қарттарым – асыл қазынам» іс-шарасының есебі 2025 жылдың 3 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің 1 курс орыс бөлімінің студенттерінен құралған «Тіл-таным» клубының мүшелері клуб жетекшілері Меруерт Алибаева мен Сәуле Нұрғалидың ұйымдастыруымен «Демеу» қарттар үйіне барып «Қарттарым - асыл қазынам» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты - үлкендерді құрметтеу, ұлттық тәрбиені насихаттау, мейірімділік пен қамқорлыққа баулу. Студенттер өздері дайындаған дастарханға түрлі тағамдар мен жемістер әкеліп, қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысты. Сондай-ақ қарияларға арналған арнайы сыйлықтар табысталды.
Бағдарлама барысында студенттер ән айтып, өлең оқып, көңілді ойындар ұйымдастырып, концерттік бағдарлама өткізді. Қариялар бұл кездесуге ерекше қуанып, ақ баталарын беріп, алғыстарын білдірді. Іс-шара барысында мейірімділік пен ізгілікке толы әсерлі сәттер орын алды.
Бұл кездесу жастар мен қарттардың арасындағы рухани байланысты нығайтып, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлықтың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
|