Дарынды студенттерге «Абай» шәкіртақысы тағайындалды
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ 2024 жылы дарынды студенттерін қолдау мақсатында «Абай» шәкіртақысын тағайындау туралы Ережесін бекіткен болатын. Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілептің бастамасымен қолға алынған жаңа бағдарламаға алғаш рет 20-дан астам студенттер қатысып, 10 білім алушыға конкурс нәтижесінде «Абай» шәкіртақысы тағайындалған болатын. Биылғы оқу жылында осы 10 тұңғыш «Абай» шәкіртақысының иегерлері Президенттік шәкіртақы иегерлері болғанын айтқымыз келеді.
Үстіміздегі жылы бұл игі бастама жалғасын тауып, ұлы Абайдың 180 жылдығы қарсаңында студенттерді қаржылық қолдаумен қатар, академиялық жетістікке жетуге ынталандыруға ықпалын тигізуде. 2025 жылғы 4 сәуірде «Абай» шәкіртақысын алуға үміткер университеттің тек үздік оқитын 27 білім алушылары арасында тәуелсіз комиссия іріктеу өткізді. Нәтижесінде «Абай» шәкіртақысы оқу үлгерімі «өте жақсы», сонымен қатар университеттің ғылыми-зерттеу және қоғамдық іс-шараларында белсенділігімен ерекшеленген 10 білім алушыға тағайындалып отыр.
Конкурс нәтижесі бойынша «Абай» шәкіртақысының төмендегі иегерлері анықталды: Мижитова Фируза Рахимжановна (Тарих және құқық факультеті), Мұханова Аяулым Алдабергенқызы (Тарих және құқық факультеті), Есенәлі Алтынай Байғалиқызы (Математика, физика және информатика), Айдабай Айғаным Айтуғанқызы (Математика, физика және информатика), Бекжан Диана (Жаратылыстану және география факультеті), Казибаева Жансая Габитовна (Педагогика және психология факультеті), Воротникова Елизавета Сергеевна (Педагогика және психология факультеті), Данильчук Валерия Николаевна (Сорбонна-Қазақстан институты), Тилеубай Арсен (Сорбонна-Қазақстан институты), Азиз Мадина Иманғалиқызы (Филология факультеті). «Абай» шәкіртақысының иегерлеріне бір академиялық кезеңге стипендия тағайындалып, ай сайын төленеді.
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз!




height="240" />


