![]()
28.04.2025 «Шығармашылығымды Жеңіске арнаймын» қалалық көрме-байқауы 2025 жылдың 17 мен 23 сәуірі аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер факультеті және Алматы қаласы Білім басқармасы «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Шығармашылығымды Жеңіске арнаймын» атты қалалық көрме – байқауы өтті.
Көрменің басты мақсаты – Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өту және соғыс жылдарындағы батырлардың ерліктерін көрсету. Ел тарихы мен ұлттық сананы есте сақтау, жастардың бойында патриотизм мен тарихи жадыны қалыптастыру, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеу.
Байқау Абай атындағы ҚазҰПУ-да өтті. Байқауға Алматы қаласының білім беру мекемелері мен өнер ұжымдарынан барлығы 100-ге жуық туынды ұсынылды. Оның ішінде 70 шығармашылық жұмыс іріктеліп көрмеге қойылды.
Шығармашылық жұмыстарда оқушылар Ұлы Жеңістің маңыздылығын, батырлар ерлігін, отансүйгіштік рухты және бейбітшіліктің құндылығын шебер жеткізе білген. Әрбір жұмыс өз ерекшелігімен көзге түсті және ұлттық құндылықтарды дәріптеді.
Әділқазылар алқасының шешімімен 50 туынды жас ерекшелігіне қарай бағаланып 1,2,3 орын дипломдарымен, 25 оқушы белсенді қатысқаны үшін және оқушыларды дайындаған 29 жетекші Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп және Алматы қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
|