қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.05.2025

Абай университетінің өкілдері Алматы облысында іссапарда


2025 жылдың 26-30 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру мақсатында Талғар, Есік, Жаркент қалалары мен Шонжы елдімекендерін арнайы іссапармен аралап қайтты.


Іссапар барысында мектеп бітіруші түлектерге мамандықты дұрыс таңдауға ықпал етіп қана қоймай, университеттің бүгінгі жеткен жетістіктерімен, білім бағдарламаларымен таныстырды. Өкілдер сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеу емтихандарын тапсыру бойынша айтып, ҰБТ шектік балдары, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=