қазақша · русский · english
   
  Main  News
05.05.2025

Абай университетінің спортшылары XIII жазғы Универсиадаға қатысады


2025 жылғы 8 мамыр мен 16 маусым аралығында Түркістан қаласында XIII Жазғы Универсиада өтеді. Аталған ауқымды спорттық шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен 195 студент-спортшы және жаттықтырушыларды қоса алғанда, жалпы 230 адам қатысады. Универсиада аясында университет спортшылары барлық 18 спорт түрінен өнер көрсетіп, өз шеберліктерін сынамақ. Ал биылғы жарысқа еліміздің 71 жоғары оқу орнынан командалар қатысып, спорттық дода барысында 800 медаль мен 104 кубок сарапқа салынады деп күтілуде.


Осыған орай, университеттің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, оқу орнының абыройын асқақтату жолында университет туын каратэ спортынан екі дүркін чемпион атанған білім алушыға салтанатты түрде табыс етті.


Айта кету керек, Абай университеті бұған дейінгі универсиада тарихында тұрақты түрде үздік бестікке еніп келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=