қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.05.2025

ҚазҰПУ-да еңбек заңнамасының сақталуы бойынша тексеру жүргізілді


2025 жылғы 13 мамырда Ғылым және жоғары білім қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөнінде 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім негізінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің орталық комитетінің мамандары Айдарбек Бектабанов және Арман Айтжанов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоспарлы тексеру жұмысын жүргізді.


Тексеру барысында құқық инспекторлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына қатысты заңнаманың орындалу барысы қарастырылды.


Осы жоспарлы тексеру жүргізу аясында «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің орталық комитетінің мамандары университетіміздің қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Камиля Аменова, кадр саясаты басқармасының жетекшісі Бахытжан Омаров, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Ибраимовпен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=