қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.05.2025

Өнер факультетіне Баоцзы қаласының ресми делегациясы келді


2025 жылғы 16 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер факультетіне Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясындағы Баоцзы қаласынан ресми делегация келді.

 

Бұл сапар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Делегацияны Баоцзы қалалық халық үкіметінің мэрі Ли Вуфа басқарды. Делегация құрамында Баоцзы сауда бюросы бас директорының орынбасары Хуо Хайли, Баоцзы муниципалитетінің ауыл шаруашылығы және ауылдық аймақтар жөніндегі директоры Чжао Хайбинь, Чэнькан ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Сяопин, Мэйсянь уезінің халық үкіметінің мэрі Чжан Сяопин, Цяньян уезінің халық үкіметінің губернаторы Чжан Чжаньлинь, Баоцзы жалпы сақтандыру аймағы істері орталығының директоры Ван Тяньсюнь, Baoji Industrial Development Group Co. директорлар кеңесінің төрағасы Ло Пэнвэй, Shaanxi Xifeng Wine Co. президенті Ян Хунлян, Баоцзы бизнес-қызметтер қауіпсіздік орталығы директорының орынбасары Ван Фэй, Xifeng Liquor компаниясының халықаралық бөлімінің бас директоры Сунь Ли болды.


Сапар барысында делегация мүшелері факультеттің инфрақұрылымымен, студенттер мен оқытушылардың шығармашылық жобаларымен танысып, оқу және көркемдік шеберханаларды аралады. Тараптар көркемдік білім беру, академиялық алмасу, көрмелер мен мәдени іс-шаралар өткізу, сондай-ақ креативті индустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

 

Өнер факультеті қытайлық серіктестермен өзара тиімді және ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып, мәдени дипломатия мен халықаралық алмасулардың жаңа буын шығармашыл көшбасшыларын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударды.

 

  alt=  


  alt=  


 

  alt=