
 
|  Main /
Announcements 
08.11.2021 Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары! 2021 жылдың 12 қарашасында сағат 10.00-де Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі әдістемелік секциясының ұйымдастыруымен «ЖОО оқыту үдерісіндегі цифрлық активтер» тақырыбында коучинг өтеді. 
 КОУЧИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ Коучингтің мақсаты: жоғары оқу орнында цифрлық білім беру сапасын арттыру. 
 Коучингтің міндеттері: -ЖОО-да оқыту үдерісін Microsoft Teams платформасын қолдану арқылы ұйымдастырудың тиімділігін таныту; - Цифрлық контенттер құрастыруда бірыңғай әдістемесін дайындау; - Цифрлық білім контенттері бойынша тәжірибе алмасу. 
 Коучингтен күтілетін нәтиже: -ЖОО-да оқыту үдерісін Microsoft Teams платформасын қолдану арқылы ұйымдастырады; -Цифрлық контенттер бойынша бірыңғай әдістеменің үлгісі дайындалады; - Тәжірибе алмасуда цифрлы педагог моделін меңгереді. 
 
 
 
 Өтетін орны: Педагогика және психология институты, 14 аудитория. 
 
 |