қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.05.2025

ҚазҰПУ-ға Трабзон университетінің ректоры бастаған ресми делегация келді

 

2025 жылғы 27 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Түркияның Трабзон университеті делегациясымен ресми кездесу өтті. Делегация құрамында университет ректоры профессор Эмин Ашыккутлу, Спорт ғылымдары факультетінің деканы профессор Фатих Бекташ, сондай-ақ Халықаралық қатынастар офисінің директоры, Педагогика факультетінің оқытушысы профессор Фаик Өзгүр Караташ болды.


Кездесу барысында тараптар екі университет арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыру, профессор-оқытушылар мен студенттер алмасуын кеңейту, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу мәселелерін талқылады.


Атап айтқанда, Спорт факультеті бағытында қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша нақты ұсыныстар қарастырылып, болашақта аталған бағдарламаны іске қосу мүмкіндіктері сөз болды.

 

  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=  


  alt=