қазақша · русский · english
   
  Main  News
09.06.2025

Aбай университетінің өкілдері Таллинде өткен ғылыми конференцияда өз зерттеулерін ұсынды


2025 жылғы 29 мамыр мен 2 маусым аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары: ф.ғ.д., профессор С.Д. Абишева, PhD докторы, қауымдастырылған профессор м.а. Д.А. Сабирова, докторант Г.А. Атембаева және PhD докторы, аға оқытушы М.Б. Молдағали, Таллин университеті (Tallinn University) мен Эстониядағы Д.Самойлов қоғамы ұйымдастырған VII Самойлов оқуларына қатысты.

 

Іссапар ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасы AP23489915 «Қазіргі әлемдік мәдениеттегі Қазақстан бейнесінің трансмедиалық және көркем репрезентациясы» (2024-2026 жж.) аясында жүзеге асырылды.

 

Конференция аясында Абайдың 180 жылдығына арналған арнайы семинар ерекше қызығушылық тудырды. Профессор Сауле Абишева «Абай 180: Digital Renascence» атты баяндамасында Абай мұрасы мен оны цифрлық форматта зерттеудің жаңа әдістерін таныстырды. PhD докторы Дина Сабирова «Әлемдік кеңістіктегі Қазақстан бейнесінің трансмедиалық және көркем репрезентациясы формаларының классификациясы» атты баяндамасымен сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми қауымдастықтың қызу талқылауын тудырды.

 

Конференцияға қатысу зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейде ұсынуға, сонымен қатар ғылыми жобаның болашағын дамытуға бағытталған құнды ұсыныстар мен идеялар алуға мүмкіндік берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=