қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.06.2025

Abai University – Times Higher Education Impact Rankings 2025 халықаралық рейтингінде Қазақстанның үздік 3 жоғары оқу орнының қатарында

 

Abai University тұрақты даму мақсаттарына берік ұстанымын растай отырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (SDGs) іске асыруға қосқан үлесі бойынша әлемнің 130 елінен және аумағынан 2 526 университетті қамтитын Times Higher Education Impact Rankings 2025 халықаралық рейтингіне қатысуда.

 

2025 жылғы 18 маусымда жарияланған нәтижелерге сәйкес, университет Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында алғашқы үштікке еніп, әлемнің ең үздік 1001-1500 қатарынан орын алды.

 

Рейтингтің жаңа шығарылымында Abai University бірқатар маңызды бағыттар бойынша айтарлықтай ілгерілеу көрсетті. «Гендерлік теңдік» (SDG 5) санатында университет өз позициясын 100 орынға жақсартты. Бұл бағытта әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, білімге тең қолжетімділік және жоғары оқу орнындағы гендерлік саясат сияқты көрсеткіштер бағаланады.

 

Университетті басқару тиімділігі, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ құқық, әділет және азаматтық басқару салаларында жұмыс істейтін түлектердің үлесі ескерілетін «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» (SDG 16) санатында университет 200 позицияға көтерілді.

 

Бұл нәтижелер Abai University-дің даму деңгейінің жоғары екенін, әлеуметтік жауапкершілігі мен Қазақстанда және жаһандық деңгейде тұрақты дамуға қосып жатқан стратегиялық үлесін айқын көрсетеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Стратегия департаменті