қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.07.2025

«Онкологиялық пациенттерге медициналық-әлеуметтік оңалту» оқыту семинары


2025 жылғы маусымның 23-28 аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушылары, практик-психологтар Айша  Надирбекова және Нұргүл Бегалиева Республикалық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында онколог-дәрігерлерге, онкопсихологтарға, реабилитологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Онкологиялық пациенттерге медициналық-әлеуметтік оңалту» тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді.


Оқыту семинарының аясында психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Бегалиева «Арт-терапия онкологиялық науқастарды оңалту құралы ретінде» тақырыбында арнайы дәріс-сабақ өткізді. Сабақ барысында арт-терапия әдістерінің онкологиялық науқастардың психологиялық жай-күйін жақсартудағы тиімділігін, олардың ішкі ресурстарын жандандырудағы рөлін атап өтті. Қатысушыларға символдық және проективтік техника негізінде жүргізілетін тәжірибелік жаттығулар ұсынылып, нақты клиникалық жағдайлар негізінде талдау жұмыстары жүргізілді. Бұл оқыту семинары онкопсихология мен медициналық оңалтудың өзара байланысын тереңірек түсінуге және сала мамандарының практикалық дағдыларын арттыруға зор мүмкіндік берді.


Психология ғылымдарының кандидаты Айша Надирбекова «Онкопсихологтың практикалық дағдыларындағы полимодальды психотерапия әдістері (проективті әдістер, гештальт және т.б.)» тақырыбында арнайы дәріс-сабақ өткізді. Дәріс барысында полимодальды психотерапияның онкопсихологиялық тәжірибедегі қолдану ерекшеліктеріне тоқталып, проективті әдістер мен гештальт-терапия элементтерінің практикалық тиімділігін көрсетті. Қатысушылар түрлі әдіс-тәсілдердің науқастармен жұмыс істеудегі мүмкіндіктерімен танысып, нақты мысалдар арқылы өзара тәжірибе алмасты. Сабақ онкопсихологтардың кәсіби құзыретін дамытуға және интегративті психотерапиялық тәсілдерді тиімді қолдануға бағытталған мазмұнымен ерекшеленді.

 

  alt=