қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.09.2025

ҚАНАТ МЫРЗАБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ


2025 жылдың 11-13 қыркүйек күндері Алматы облысы, Талғар ауданында «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындары аясында қол күрес спортынан сайыс ұйымдастырылды. Бұл жарыс ауылдық жерлердегі спортты дамытуға және жастар арасында дене шынықтыруды насихаттауға бағытталған маңызды шара болып табылады.

 

Республикалық деңгейдегі бәсекеде еліміздің әр аймағынан жиналған спортшылар өз күштері мен шеберліктерін сынады. Аталған жарыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-курс студенті Мырзабеков Қанат 90 келі салмақта жеңімпаз атанып, 1-орынға ие болды.

 

Қанаттың жеңісі оның жаттығу мен еңбекке деген адалдығының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар ауыл спортының дамуына қосқан үлесі ретінде бағаланады. Осындай республикалық жарыстар жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулығын нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

 

 

 

  alt=