қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.09.2025

ҚАЗҰПУ ҒАЛЫМДАРЫ ҚАЗАН ФЕДЕРАЛДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ


2025 жылғы 9-16 қыркүйек аралығында университетіміздің ғалымдары, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының ғылыми қызметкерлері филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы мен PhD доктор Мәрлен Әділов Қазан федералдық университетінде «Алаш қайраткерлері және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілінің тарихы» жобасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Ғылыми-зерттеу іссапары аясында тілтанушылар КФУ-дың Филология және мәдениетаралық коммуникация институтында ғылыми кездесулер өткізіп, қазақ және татар халықтарының ХХ ғасыр басындағы ғылыми байланыстары мен қыпшақ тілдерінің лексикалық ерекшеліктерін талқылады.

 

Зерттеушілер университет кітапханасының бай қорымен танысып, татар терминологиясы мен әдеби тілінің тарихына арналған еңбектерге ерекше назар аударды. Бұдан бөлек, олар Татарстан Республикасы Ғылым академиясында және Г. Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтында болып, лингвистермен пікірлесіп, құнды ғылыми басылымдарға қол жеткізді.

Тағылымдама барысында Татарстан Ұлттық кітапханадағы сирек ғылыми материалдар зерделеніп, зерттеу жұмыстары құнды деректермен толықтырылды.

 

Сапар тек ғылыми жұмыстармен шектелмей, мәдени-танымдық шаралармен де жалғасты. Татарстан мемлекеттік мұражайлар мен мұрағаттарына бару - Қазан қаласының әрі татар ұлтының тарихы мен мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

 

Бұл тағылымдама университетіміздің ғалымдарына ғылыми байланыстарды нығайтуға, зерттеу көкжиегін кеңейтуге, заманауи лингвистикалық әдістемелерді игеруге және болашақтағы бірлескен жобаларға негіз қалауға жол ашты.

 

 

 

  alt=  

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=