қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.09.2025

1-КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР ӨТТІ


2025 жылдың 16-19 қыркүйек аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психолог-мамандары 1-курс студенттерімен бейімделу бойынша психологиялық тренингтер өтті.

 

Тренингтердің басты мақсаты - студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру және қарым-қатынас дағдыларын дамыту болды.

 

Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ассоциация» жаттығуын орындады. Сонымен қатар, «Ұшатын кілем» жаттығуы жүргізіліп, оның көмегімен студенттер бірлескен жоспарлау, коммуникация және ортақ мақсатқа қалай қол жеткізуге болатындығы жайлы түсінуге мүмкіндік алды. Қорытынды жаттығу ретінде адаптация кезеңінде өз ресуртарын басқарып үйрену мақсатында «Менің 100%» атты жаттығу жүргізілді. Психологтар командада табысты жұмыс істеуге арналған арнайы ұсыныстар беріп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Арт-терапиялық рефлексия барысында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, тренингке кері байланыс берді.

 

Жалпы тренингтерге 100-ден астам студент қатысты.

 

 

 

  alt=