қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
15.03.2022

«Цифрландыру дәуіріндегі білім мен ғылым» II Халықаралық эссе конкурсы өтеді


2022 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ғылым департаменті Жас зерттеушілер кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы» - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Цифрландыру дәуіріндегі білім мен ғылым» тақырыбында II Халықаралық эссе конкурсы өтеді. Конкурсқа 40 жасқа дейінгі барлық жас зерттеушілер (магистранттар, докторанттар, оқытушылар) қатыса алады.

 

Жұмыстарды қабылдау: zhas_zerteushiler@mail.ru; Alibek.17@inbox.ru почтасы арқылы қабылданады. Эссе қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.


Жұмыстарды қабылдаудың шекті уақыты (дедлайн): 2022 жылдың 31 наурызына дейін.

 

1, 2, 3 орындар алған және ынталандыруға ие болған жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталады.


Эссе жазуға қойылатын талаптар:

Эссе төмендегі мәселелерді негізге ала отырып, жазылуы тиіс
- жеке көзқарастың көрінісі;
- теоретикалық негіздеме және фактілі дәлелдер (аргументтер);
- терминдерді және цитаталарды келтіру;
- сыни ойлау негізінде әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
- логикалық заңдылықтың сақталынуы;
- салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
- сауаттылық (орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық);
- авторларға сілтеме жасауы;
- академиялық жазылым талаптарын негізге ала отырып (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде) жазылуы.


Эссенің жазылу жоспары төмендегідей:
1. Кіріспе (эссенің шамамен 20 % көлемі). Тақырыптың мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар құрылымдары кіреді. Бұл кезеңде ізденуші зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс қоюы өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Мысалы, мына сұрақтарға жауап іздеуі мүмкін: «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?» және т.б.

2. Негізгі бөлім (эссенің шамамен 70 % көлемі). Бұл бөлімде таңдалған мәселе бойынша негізгі сұрақты теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырудың негіздерін қамтиды. Аталған бөлімде дәлелдер мен талдаудың дамуын болжайды, сонымен қатар тақырып бойынша өз ұстанымына қоса басқа дәлелдер мен ұстанымдарды да негіздеу қажет. Талдаудың құралы ретінде кесте, сызба, диаграмма, сонымен қатар өз тәжірибесін де пайдалануға болады.

3. Қорытынды (эссенің шамамен 10 % көлемі). Қорытынды - бұл тақырып бойынша дәлелді қорытынды мен жинақтау. Эссені қорытындылайды немесе негізгі бөлімде айтылғанды мәні мен мағынасын тағы да анықтайды. Қорытындыны құрастыру үшін ұсынылатын әдістер: қайталау, суреттеу, цитата, әсерлі дәлелдеу. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Қорытынды эссені толықтыратын өте маңызды элемент болғандықтан, бұл бөлімде зерттеген мәселені дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.


ІІІ. Эссенің құрылымы: 1000 сөзден артық емес.

Антиплагиаттық тексерістен сәтті өткен жұмыстар ғана конкурсқа қатысады.