
 
|  Main /
Announcements 
10.04.2023 «Менің Ұлттық тәрбиеге қосатын үлесім» байқауы өтеді 
 2023 жылғы 11 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына орай Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының 1 курс студенттері арасында «Менің Ұлттық тәрбиеге қосатын үлесім» тақырыбында жалпыуниверситеттік байқау өтеді. Мақсаты - жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ана тілін, салт-дәстүрін құрметтеу арқылы педагог мамандығын меңгеруге деген қызығушылықты арттыру. 
 Байқауға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 1 курс студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы шақырылады. 
 Іс-шара тілі: қазақ. 
 Уақыты: 15.00 (Астана уақыты). 
 Өтетін орны: Достық, 13, Бас оқу ғимараты, 225 мәжіліс залы 
 |