![]()
25.02.2025 Биология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді 2025 жылдың 7 наурызында сағат 15.00-де «8D051-Биологиялық және аралас ғылымдар (6D060700 - Биология» мамандығы бойынша Сексенова Дана Узаковна философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы кейбір омыртқалы жануарлардың саркоспоридилері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультеті Биология кафедрасының кеңейтілген отырысында талқыланады.
Қорғау тілі - қазақша.
Есимов Болат Кабдошұлы- биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы); Резанов Александр Геннадиевич- биология ғылымдарының докторы, профессор, Москва қалалық педагогикалық университеті (Москва қаласы, Ресей мемлекеті).
Жақсыбаев Мұрат Бөдеұлы - биология ғылымдарының кандидаты, қауымд. профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан); Кайруллаев Кеңес Кайруллаевич - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы қаласы, Қазақстан).
Идентификатор: 921 0276 4096 Код: 021268 Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30. №1 ғимарат (4-қабат, 416 аудитория). |