қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
19.03.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Наурыз думаны тойланады

 

2025 жылдың 20 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қалыптасқан игі дәстүр бойынша «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты Наурыз мейрамы аталып өтеді. Тамаша мереке қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталады.


Іс-шара аясында киіз үй тігіліп, қазақ халқының көнеден келе жатқан тұрмыс-салты мен дәстүрлерін паш ететін, ұлттық өнерге ерекше көңіл бөлінетін мәдени шаралар ұйымдастырылады.


Наурыз тойы - тек өнер мен мәдениеттің ғана емес, достық пен бірліктің, сыйластық пен татулықтың символы.

 

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы, ұстаздары мен білім алушы жастар! Сіздерді халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтары түгел көрініс тапқан салтанатты мерекелік думанның қадірлі қонағы болуға шақырамыз!


Мекенжайы: Достық даңғылы, 13.

Өтетін күні мен уақыты: 20 наурыз, 2025 жыл, сағат: 12.00.