қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
26.03.2025

Ағылшын тілі пәнінен әдістемелік сабақтар

 

2025 жылдың 13 мен 28 наурызы аралығында шағын жинақталған мектеп оқушыларына «Lifelong Learning Environment» айдарымен ағылшын тілі пәнінен күніне 1 мәрте әдістемелік сабақтар онлайн режимінде жүргізіле бастады. Әдістемелік сабақтарға Қызылорда облысы, Арал ауданы №77 Құланды мектебінен 5-9 сыныптардың 58 оқушысы, №227 Көктем мектебінен 2-9 сыныптар аралығынан жасақталған 54 оқушы қатысады.


Сабақтардың мақсаты - интеграцияланған сабақ беруде тәжірибемен бөлісу, заманауи әдіс-тәсілдерінің қолданыс аясын кеңейту. Сабақты 2024-2025 оқу жылының үздік бітіруші түлектер құрамынан жасақталған бірлескен форматта еріктілер сапындағы «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері жүргізеді.


Әдістемелік сабақтарды ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., ф.ғ.к. Гүлсім Нурекешова.