![]()
01.04.2025 «Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы» атты VII Халықаралық ғылыми семинары
2025 жылдың 27-28 маусымында Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Слупск қаласындағы Помор университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына және Абай атындағы ҚазҰПУ мен Слупскідегі Помор университетінің екіжақты қатынастарының 10 жылдығына арналған «Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы» атты VII Халықаралық ғылыми семинар өтеді.
«Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен болашағы» халықаралық ғылыми семинары Слупск қ. (Польша) Помор университеті Неофилология кафедрасындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылымы орталығында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Орталық 2019 жылы 23 мамырда құрылды. Оның негізгі міндеттері поляктар мен қазақстандықтар арасындағы мәдениетаралық өзара әрекеттерді кеңейту, сондай-ақ ғылыми ынтымақтастықты нығайту: семинарлар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
Семинар тақырыбы Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеумен шектелмейді. Ол сондай-ақ Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің түрлі қырларын, мысалы, тарихты, әдебиетті, музыканы, дәстүрлерді қамтиды. Көпұлтты Қазақстанның мәдени және этникалық алуан түрлілігі мен әртүрлі мәдениеттердің өзара әрекеттестігі айтарлықтай маңызға ие. Семинар шеңберінде Қазақстан Республикасының мәдени және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзекті мәселелерді, оның ішінде қазіргі әдеби үдеріс ерекшеліктерін талқылауға болады.
Жол жүру және тұру шығындарын қатысушылардың өздері немесе жіберуші тарап көтереді. Әрбір қатысушы атаулы сертификат алады.
Қатысуға арналған өтінім нысаны №1 қосымшада берілген. Студенттер өздерінің ғылыми жетекшісінің немесе тәлімгерінің (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орны, лауазымы) деректерін көрсетуі қажет екендігіне назар аударамыз.
|