![]()
01.04.2025 «Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар байқауы жарияланды Абай атындағы ҚазҰПУ «Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсын өткізу туралы хабарлайды. Конкурстың мақсаты - кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және жас зерттеушілер мен профессорлық-оқытушылық құрамды, сондай-ақ университеттің ғылыми зерттеу-әзірлемелерімен айналысатын зертханалар, академиялық бөлімшелердің қызметкерлерін бизнес-жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысуға ынталандыру.
- Университеттің білім алушылары, яғни 1-3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1-2 курс докторант және 40 (қырық) жасқа дейінгі (қоса алғанда) постдокторант; - Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы 40 (қырық) жасқа дейін (қоса алғанда); - Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы, «Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми жобаларының Ректор гранты (шағын ынталандыру гранты)» қатысушылар (жас көрсеткіші бойынша шектеусіз). - Ғылыми жаңалықтармен, зерттеулермен, ҒЗЖ-мен айналысатын зертханалардың, академиялық бөлімшелердің қызметкерлері (жас көрсеткіші бойынша шектеусіз).
Өтінімдер келесі сілтеме бойынша электрондық форматта беріледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdNsHyCe5GpJQjPqd8WE5gLbvg9lkwJlXlvQqNs4Sis9Zs8ag/viewform?usp=dialog, сондай-ақ электрондық пошта арқылы: abayventure@abaiuniversity.edu.kz
Kоммерцияландыру кеңсесінің жетекші маманы - Ануар Накисбеков. Электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz
|