қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
23.04.2025

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары тағайындалады

 

2017 жылдан бастап Жетісу облысы әкімдігінің жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыс мектептерінің түлектеріне білім беру гранттары тағайындалуда.


Білім беру гранттары облыстың еңбек нарығына сәйкес мамандықтарға бөлінеді. Олар педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, өнер, инженерлік, ақпараттық технологиялар және тағы басқа мамандықтар.


Білім беру гранттарының басым бөлігі көпбалалы және аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек немесе ата-анасы мүгедек, ата-анасының біреуі қайтыс болған, сондай-ақ ата-анасы 3 жыл бұрын ажырасқан балаларға тағайындалады.


Білім алушылар оқуын аяқтағаннан кейін облыс аумағында кем дегенде үш жыл қызмет жасауға міндеттеледі.


2025 жылғы шілдеде Жетісу облыстық білім басқармасы жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялайды. Конкурс өткізу туралы хабарландыру білім басқармасыныңинтернет-ресурсында жарияланады (толық ақпарат): https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu?lang=kk