қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.04.2025

Жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтеді


2025 жылғы 30 сәуірде Алматыда сағат 11:00-де жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтеді.

 

«Жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық жаттығулар жоспарлы, азаматтардан сабырлы болуды және белсенді қатысуды сұраймыз», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00-де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады және сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған.

 

Дыбыстық сигналды естіген кезде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ресми ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулармен танысу қажет.

 

Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз.

 

Еске салайық, қауіпсіз орын - бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң.