
Main /
Announcements
08.12.2025 Бахыт Алиповамен Workshop-қа шақырамыз!
«Бастауыш білім беру» кафедрасы педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын Kentucky университетінің (АҚШ) және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Қазақстан) профессоры Бахыт Алипова жүргізетін Workshop-қа қатысуға шақырады.
Workshop 2025 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 13:00-де Педагогика және психология факультетінің 15 аудиториясында өтеді.
Тақырыбы: «Research Proposal Process with genAI Support» Бахыт Алипова - оқу аналитикасы және білім беру зерттеулерінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша халықаралық деңгейдегі сарапшы. Ол инженерия, математикалық және компьютерлік модельдеу бағыттарындағы ғылыми жобаларға қатысып, әлемдік тәжірибені білім беру саласында тиімді қолдануда.
Workshop барысында қатысушылар заманауи білім беру технологиялары, оқу сапасын арттырудағы жасанды интеллектінің рөлі, сондай-ақ Big Data негізіндегі зерттеу тәсілдері жөнінде маңызды мәліметтер алып, практикалық талқылауға қатыса алады.
Қатысушыларға ескерту: Workshop-қа тиімді қатысу үшін ноутбук алып келуіңіз қажет. Сонымен қатар алдын-ала зерттеу тақырыбын, қысқаша аннотацич және зерттеуіңізге қатысты негізгі кілт сөздерді дайындап келу ұсынылады.
Баршаңызды жаңа білімге, тәжірибе алмасуға және кәсіби дамуға жол ашатын Workshop-қа шақырамыз!
|