
Main /
Announcements
19.12.2025 «Педагогика және психология» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді
2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 12.00-де 6D010300 - «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сарбасова Венера Нугмановнаның «Болашақ педагогтардың ұлттық өзіндік санасын қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері» диссертациялық жұмысы «Педагогика және психология» кафедраның кеңейтілген отырысында талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - орыс тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР: Хан Н. Н. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Тарантей В. П. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Янка Купала атындағы мемлекеттік университеті (Гродно қ., Беларусь).
РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Топанова Г. Т. - психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Жумашева С. С. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Нургалиева У. С. - психология ғылымдарының кандидаты, доцент Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/94216678379?pwd=zueqKLVO6Bc2N7Db1fQ0JQEknzoFjE.1
Идентификатор конференции: 942 1667 8379 Код доступа: 1234 Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Казыбек би 30, (5 қабат, 503 ауд.).
|