
Main /
Announcements
22.12.2025 Абай атындағы ҚазҰПУ-да профессор-зерттеуші лауазымына және постдокторантура бағдарламасына қабылдау конкурсының нәтижелері жарияланды
2025 жылдың 19 желтоқсанында «Профессор-зерттеуші» лауазымы мен «Постдокторантура» Ережелеріне сәйкес кезекті қабылдау отырысы өткізілді.
Үміткерлерді іріктеу үдерісі университет ректорының бұйрығымен бекітілген профессор-зерттеушілер мен постдокторанттарды қабылдау және аттестаттау комиссиясының қатысуымен жүзеге асырылды.
Іріктеу нәтижесінде профессор-зерттеуші лауазымына үміткерлер арасынан 3 қатысушының 2-і, ал постдокторантура бағдарламасына ұсынылған үміткерлердің ішінен 10 қатысушының 5-і конкурстан сәтті өтті.
Конкурста үміткерлердің ғылыми көрсеткіштері: рецензияланған ғылыми журналдарда басылымдар, ғылыми жобаларға қатысу белсенділігі, ғылыми кадрларды даярлау негізінде бағаланды. |