
Main /
Announcements
06.01.2026 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Күзгі емтихан сессиясы нәтижесінде 2025/2026 оқу жылы бойынша босаған білім беру гранттарының бос орындарына арналған конкурс жарияланады! Конкурсқа қатысты құжат қабылдау әр түрлі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (аталған білім беру гранттар саны төменде көрсетілген кестедегі білім беру бағдарламалары бойынша қарастырылады).
Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ білім алушы қатыса алады.
Құжаттар 2026 жылдың 20 қаңтарға дейін онлайн арқылы факультет деканаттарында қабылданады. (Мемлекеттік бос білім гранттарын тағайындау негізінде құжаттарды қабылдауға қосымша толықтыру енгізу).
|