қазақша · русский · english
 
 
 
20.02.2020

Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және театрландырылған режиссерлік ойындары бойынша семинар

 

2020 жылдың 19 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының аға оқытушысы Разия Каримова «6М012 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» мамандығының 1 курс 3 топ студенттеріне «Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау және театрландырылған режиссерлік ойындары» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

 

Ашық семинар сабағының мақсаты - студенттерге, сабақта қолданылатын драмалық ойындардың балалардың ой танымын кеңейтуге, өзіне - өзі сенімінің артуына үлкен ықпалы бар екенін инновациялық технологиялар, ойын түрлері, әдіс -тәсілдері арқылы көрсетіп, меңгерту.

 

Шығармашылықпен байланыстырыла өткен сабақта драмалау, театрландырылған, режиссерлік ойындарын ұйымдастыра білуге, үйретуге, ойынға басшылық жасау біліктілігін қалыптастыруда ойын, ТРИЗ технологияларының элементтері көрініс тапты. Жаңа тақырыпты айқындау мақсатында интербелсенді тақта арқылы студенттерге (подкастинг) бейнебаян көрсетіліп, «Атаулар туралы үш сұрақ» сұрақ - жауап арқылы миға шабуыл стратегиясы қолданылды. Топтық жұмыста студенттер «Кластер» әдістерімен талдау, саралау, салыстыру жұмыстарын жасап, «Джигсо» әдісі бойынша логикалық қабілеттерін шыңдады.

 

Студенттер «Бибабо» қуыршақтарымен драмалық ойындар қойып, шығармашылық шеберліктерін көрсетті.

 

Сабақ барысында «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасап, өздерін және сабақты бағалады. Семинар сабағында студенттер белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін арттырды.

 

Ашық семинар сабағына кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева және кафедраның профессор - оқытушы құрамы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен тағылымдамаға келген магистранттары қатысып, ұсыныстарын айтты. Семинар соңында тыңдаушы педагог - тәрбиешілер өз ойларымен бөлісіп, ғылыми ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу