қазақша · русский · english
 
 
 
25.02.2020

«Қайырымдылық керуені» акциясы


2020 жылдың 21 ақпаны күні университетте Еріктілер жылының ашылуы аясында «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясы бастау алды. Акция Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен өтті.

 

Қайырымдылық акциясы аясында Медеу ауданы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалымен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне азық-түлік азық-түлік себеттерін тарату ұйымдастырылды. Аға буын қатарында эстафетаны студент-жастар - Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының мүшелері жалғастырып алып кетті.


Ерікті-студенттер Медеу ауданында тұратын ардагерлер: Закир Ахмаров, Виктор Изюмников, Ксения Киселева, Александр Колесников и Николай Лазаренконың мекен-жайларына азық-түлік себеттерін жеткізіді.


Студенттер ардагерлер үйіне барып, азық-түлік себеттерін табыстап, жылы тілектерін білдірді. Өз кезегінде ардагерлер жастарға көңіл бөліп, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар туралы естеліктерімен бөлісіп, өзінің жеке өмірінің оқиғаларын ғана емес, сонымен қатар адамзат тарихындағы ең қанды соғыста жеңген барша халықтың жеңісі туралы да қуана бөлісті.


Ардагерлердің орта жастары 97-98 жаста. Егде жастарына қарамастан, олардың көпшілігі соғыс Ардагерлер кеңесінің жұмысына қатысады, жастармен әскери-патриоттық жұмыстар жүргізеді. Еріктілер оларды қамқорлыққа алуға ұсыныс жасады.

 

Бүгінгі әлемде өмір сүріп жатқан барлық адамдар атынан оларға үлкен алғыс айтып, басымызды иеміз!

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


«Мейірім» еріктілер клубы




Кері оралу