қазақша · русский · english
 
 
 
26.05.2020

Біздің жеңіс!!!

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде В002 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім тобындағы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО студенттері арасындағы ХII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

 

Пәндік олимпиаданың мақсаты: студенттердің оқу - танымдық және кәсіби - тұлғалық әлеуетін қалыптастыру, оқу-зерттеу жұмыстарын ынталандыру, өзін-өзі дамыту мен маман ретінде жетілдіруге жағдай жасау, ең талантты және дарынды жастарды іріктеп оларға қолдау көрсету болып табылады.

 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қарашаңырақ» командасы жеңіп алды. 2-орынға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті лайық деп танылса, 3-орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қанжығасына байлады.

 

Қарашаңырақ командасында сайысқа қатысқан мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының төмендегі 2-3 курс студенттері:

Ұзақбай Айғаным 2-курс

Джангабаева Анар 2-курс

Қоңырова Айкөркем 3-курс

Бидахметова Балжан 3-курс

Олардың жетекшілері: Еркебаева Сауле Жомартовна және Ибраева Мағрипа Құрманқызы.

 

Аталған пәндік олимпиаданың жабылу салтанатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Б.С.Кәрімова сөз сөйлеп, жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтады.

 

Онлайн байқаудың жабылу салтанатын төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=lzhAc4SNM00 

 

   

 

   

 

 




Кері оралу