қазақша · русский · english
 
 
 
06.10.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ университеттің үздік қызметкерлерін құттықтады

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Оспанұлы Балыкбаевтың қатысуымен 2020 жылдың 02 қазанында үздік қызметкерлерді құттықтау шарасы өтті. Мерекелік шарада Педагогика және психология институты «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ақсәуле Манкеш университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және қажырлы еңбегі үшін «ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР» төсбелгісімен салтанатты түрде марапатталды.

 

Сондай-ақ ұстаздар мейрамына орай «Педагогика және психология» институтының директоры Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессор оқытушылар қауымын құттықтады. Сонымен қатар мейраммен сәйкес келген мерейтой иелеріне: профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ақсәуле Манкеш пен доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты Айтпаева Алмагуль Карекбайқызына марапаттап, гүл шоқтарын табыс етті.

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу