қазақша · русский · english
 
 
 
10.02.2021

Жыр жүйрігі- Мұқағали Мақатаев

 

Биылғы жыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы. Мерейтойға орай 2021 жылдың 9 ақпанында Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі білім, өзін-өзі тану және әлеуметтік педагогика» бағдарламасының «6В01201-«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығы 2-ші курс 2 топ студенттерінің қатысуымен, топ эдвайзері Абилбакиева Ғалияның ұйымдастыруымен «Жыр жүйрігі-Мұқағали Мақатаев» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шараға «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, ақынның өлеңдерінен жырдан шашу арқылы жеткізу.

 

Тәрбиелік іс-шараға студенттер белсенді қатысып, шығармашылығынан сыр шертіп, өнерлерін ортаға салды. Ақын өлеңдерін таныстыру арқылы студенттердің Отанға, тілге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін оята алды.Студенттер ақын өлеңдерін мәнерлеп,жарыса оқыды.

 

   




Кері оралу